Тамақтандырудың сапалық мониторингі » №4 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тамақтандырудың сапалық мониторингі
09
январь
2020

Тамақтандырудың сапалық мониторингі


Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру


       Тамақтану біз ойлайтындай күнделікті, майда-шүйде мәселе емес. Ол - тіршіліктің негізі болып саналатын ағзадағы зат алмасудың дұрыс жүруіне, ағзаның ішкі тұрақтылығының қалыпты сақталуына,  қоршаған ортамен үйлесімді әрекеттесуіне әсер ететін ең негізгі фактор.

Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.

Сондықтан, мектепте  оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. 

         2019-2020 оқу жылында «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде 300 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Оқушылардың барлығы толық мектептен бір мезгіл ыстық тамақ ішуде.
 Мектепте мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтініштің қабылдануы туралы хабарлама-есепті тіркеу журналы жүргізілген. Биылғы оқу жылында асханада «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылып, ыстық тамақтың сапасы тексеріліп отырылады. Асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын, тамақтың сапасын тексеру үшін жұмысшы (брокераж) тобы құрылып, күн сайын рейдтер жүргізіледі.
 Айына бір рет ата-аналарға арналған ашық есік күндері өтеді. Мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы күнделікті қадағаланып, оқушыларға берілетін тамақтың сапасы тексеріліп тұрады.

Похожие публикации:

14 июнь 2017 25-мамыр
09 январь 2020 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив