14
июнь
2017
25-мамыр
25 мамыр күні Іле ауданы, Жәпек батыр ауылы, №4
орта мектебінде 2016-2017 оқу жылының мектеп бітіруші түлектері үшін соңғы
қоңырау соғылды. Соңғы қоңырау күніне арналған салтанатты жиынға Ащыбұлақ
округігің әкімі С.И.Кузембаев пен аудандық білім бөлімінің әдіскері М.Б.
Құткелдиева және Жәпек батыр ауылының құрметті азаматтары шақырылды. Жиында
мектебіне, ұстаздарына деген ыстық ықыластарын «Алтын белгі» төсбелгісіне
үміткерлер Ахатай Айданақ пен Садуақасова Айжан білдірді. Соңғы қоңырау
сыңғырымен мектеп бітіруші түлектері алтын ұя мектебімен қоштасты.