Мектеп тарихы » №4 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
январь
2020

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы
1950 жылы аядай ғана 4 бөлмесі, 15-20 ғана оқушысы бар бастауыш мектеп болып құрылды.
1952 жылы қазіргі Жәпек батыр /бұрынғы 12 Декабрь/ ауылының Центральный көшесінде /қазіргі Алтаев көшесі/ 4 бөлмелі, 4 жылдық мектеп ашылып алғашқы директоры болған Дзюбин деген ұстаз балаларды орыс тілінде оқытса, Анаркүл Байболатова атты ұстаз қазақ балаларына қазақша дәріс берген.
1958 жылы бұл алғашқы мектеп №25-ші мектеп деген номер беріліп, 8 жылдық мектепке айналған.
1962 жылы бұл мектепке Алпысбаева Мағиза Оразғалиқызы директор болып тағайындалған. Осы кезеңдерде мектептің оқу базасы өсіп, оқушылар саны артып, оқу бөлмелері мен мұғалімдер саны артқан. Ол кезде мектеп Оңалбаев көшесінде /бұрынғы Школьная көшесі/ орналасқан. 1962-1972 жж. аралығында Алпысбаева Мағиза Оразғалиқызы директорлық қызмет атқарып, мектептің алғашқы ұстаздары Жұмаділова, Дауытовалар оқушыларға оқу мен тәрбие беруде нәтижелі қызмет атқарған. Мектептің материалдық-техникалық базасының нығайуына сол кездегі совхоз басқармасының қызметкерлері Қ.Алтаев және М.Түймебаев орасан зор көмек көрсеткен.
1972 жылы мектеп басшылығына Хамитов Төлеген Хамитұлы тағайындалған.
1976 жылы №25-ші 8 жылдық мектебі №4 орта мектепке айналып, жаңа /қазіргі/ оқу ғимаратына көшкен.
1996 жылы мектептің 20 жылдығы аталып өтіп аудан мектептері арасындағы байқауда «Супер школа» атағын жеңіп алған. Сол кезде қызмет атқарған А.Б.Байдаулетова, З.З.Желдікбаева, Р.А.Қазыкеева, Р.Баялиевна, З.Көпжасарова қазіргі кезде ел аузындағы ұлағатты ұстаздар.
2003 жылы 10 маусымда Алматы облыстық білім басқармасынан жалпы орта білім беру саласында қызметін жүргізу құқығын беретін мерзімі шектелген Сериясы АА №0012366 мемлекеттік лицензия берілді.
2006 жылдан бастап мектеп басшылығына Сауықбаева Сәулет Байұзаққызы тағайындалды.
2008 жылы мектеп ғимаратының ішінен 25 бүлдіршінді «Балдырған» бағдарламасы бойынша тәрбиелеуге арналған «Арай» шағын орталығы ашылды.

2009-2010 оқу жылында PISA халықаралық негізгі білім бағалау зерттеуіне 15 жасар оқушылар қатысты.
2010-2011 оқу жылында облыстық «Үздік мектеп директоры» байқауына қатысып, ІІІ орынды қанжығасына байлады.
2011-2012 оқу жылында PISA халықаралық негізгі білім бағалау зерттеуіне 15 жасар оқушылар қатысты.
2012-2013 оқу жылында облыстық «Үздік ауыл мектебі» байқауына қатысып, ІІІ орынды иеленді.
2014-2015 оқу жылында халықаралық TIMSS негізгі білім зерттеуіне 4-8 сынып оқушылары қатысты.
2015-2016 оқу жылында «Мектептің даму жоспарын жасау мен іске асыру барысында басқарушылық шешім қабылдау тәжірибесі» атты республикалық семинар ұйымдастырып, өткізді.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив