10.11.2020 Қашықтықтан оқыту кезіндегі тиімді әдіс-тәсілдер» вебинар » №4 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 10.11.2020 Қашықтықтан оқыту кезіндегі тиімді әдіс-тәсілдер» вебинар
10
ноябрь
2020

10.11.2020 Қашықтықтан оқыту кезіндегі тиімді әдіс-тәсілдер» вебинар

10.11.2020 жылы № 4 орта мектебінде «ZOOM» платформасы арқылы «Қашықтықтан оқыту кезіндегі тиімді әдіс-тәсілдер» атты тақырыпта вебинар өткізілді. Вебинарда қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Абдуллаева Замира Сейловна қашықтықтан оқыту кезіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануы бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті. Вебинардың мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру. Міндеттері: •Халықаралық тәжірибеге сәйкес үздік отандық білім беру жүйесінің негізінде оқушылардың білімінің жоғары деңгейге жетуі; •Қашықтықтан оқытуды пайдаланушылардың әлеуметтік-мәдени және психологиялық жас ерекшелігін ескере отырып, теориялық, ғылыми-психологиялық арнайы әдістемелер құрастыру; •Оқу үрдісінде пайдаланылатын ақпараттық технологияларды дамыту. Қашықтықтан оқыту - компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері. Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту комьютерлік және интернетте оқыту технологиялары ретінде саналып отыр.Заманауи технологиялар мыңдаған километр бөліп тұрған оқытушы мен оқушының арасын байланыстырушысы болып табылады. Қарастырылған негізгі сұрақтар: Қашықтықтан оқытудың мәні мен қағидалары; Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері: артықшылықтары мен кездесетін кедергілер; Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға қатысты әдістемелік ұсыныстар. Абдуллаева Замира Сейловна өзінің оқушымен жұмыс тәжірибесімен бөлісе отырып, бірнеше қашықтықтан оқыту әдістерін баса назарға алып, көрсетті. Олар: БЖБ, ТЖБ және тест жұмыстарын құрастыруға арналған - «Google forms» Жаттығулар мен тапсырмалар құрастыруға арналған әдіс – «Learning Apps.org» Викториналық ойындар құрастыруға арналған әдіс – «Quizizz» Сабақ өтуге тиімділігі мол бағдарлама – Telegram. Ұстаздар тарапынан вебинарға үлкен қызығушылық танытылып, біршама сұрақтар да қойылды. Мәселен, «Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары қандай?», «Қашықтықтан оқыту барысында қандай кедергілер кездесті?», «Аталған әдіс-тәсілдер мен бағдарламалар оқушыларды қаншалықты қызықтырады?» т.б. Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары ретінде, уақыттың үнемділігі, білімнің тиянақтылығы, ата-ананың білім беру үрдісін бақылай алуы орын алса, кедергілердің де кездесетіні жоққа шығарылмады. Мәселен, •Эмоционалды шығармашылық атмосфераны кұру қиындығы; • Ұсынылған тапсырмаларды оқушының өзі орындағанына 100 % көз жеткізе алмау; • Мұғалім тарапынан тұрақты бақылаудың болмауы; • Мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығының жеткіліксіздігі; • Қашықтықтан оқу сабақтарын құрылымдау және арнайы тапсырмаларды әзірлеу көп еңбектенуді қажет етеді; • Мұғалім онлайн сабаққа қатысып отырған оқушылардың эмоциясын көре алмауы.