13
март
2024
Аттестаттау кезеңдері, өзгерістер, аттестаттау шарттары мен тәртібі, аттестатталатын педагогтың іс-әрекет қадамдарын Іле ауландық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының басшысы А.К Сарсенбаева педагогтардың сұрақтарына жауап беріп түсінді
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "4 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 13.03.2024 жылы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі қосымша білімнің беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы #83 бұйрығына өзгеріс туралы мектеп педагогтарын аттестаттаудың жаңа қағидаларымен таныстыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аттестаттау кезеңдері, өзгерістер, аттестаттау шарттары мен тәртібі, аттестатталатын педагогтың іс-әрекет қадамдарын Іле ауландық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының басшысы А.К Сарсенбаева педагогтардың сұрақтарына жауап беріп түсіндіріп өтті.