⚜️Елімізде қайырымдылық жұмыстары өте көп жасалатынын байқаймыз » №4 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы білім бөлімінің
"№4 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ⚜️Елімізде қайырымдылық жұмыстары өте көп жасалатынын байқаймыз
15
март
2024

⚜️Елімізде қайырымдылық жұмыстары өте көп жасалатынын байқаймыз


⚜️Елімізде қайырымдылық жұмыстары өте көп жасалатынын байқаймыз. Халқымыздың қанына сіңген қайырымдылық қасиеті еліміздің басына қандай күн туса да ұмыт қалған емес.
⚜️Ата-бабамыз осындай қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақтарда ауызбіршілікті, адалдықты, ынтымақты ту етіп көтерген. Әсіресе, көптің мәселесін қара бастың қамынан жоғары қойған. «Бір үй аш болса, бір ауыл аш, бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш» деген қағиданы берік ұстанып, адам тағдыры ұлыс тағдырымен тығыз байланысты екенін қапысыз таныған. «Қыран жемін шашып жейді, құзғын жемін басып жейді» деген мақалдың мәніне терең бойлап, жалғыз өзі тойғанша жұртпен бірге қиналуды жөн көрген.
🔱Халқымыз ықылым заманнан бері мейірімділігі мен жомарттығымен көпшілікке мәлім. Оның дәлелін бұрынғы кезде қиын жағдайға ұшыраған замандастарына көрсеткен қолдауынан көруге болады. Қазақ жетімін жылатпаған, жат елге қаңғыртпаған, ата-анасын қарттар үйіне тапсырмаған халық-тұғын. Тіпті жер бетінде жыбырлаған жәндік екеш, жәндікке де қиянат жасамаған. Барлығына Алланың жаратылысы деп қараған, оған қатігездік көрсетуге қорыққан. Осының бәрі келешек ұрпаққа көрсетілген үлгі-өнеге емес пе. Егер жер бетінде барлық адамдар бір-біріне мейірімді болып, ешкімнің ала жібін аттамаса, қорлық пен зорлық-зомбылық көрсетпесе жер бетін тек жақсылық жайламас па еді. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив